Мұратжан Айдар Мұратжанұлы
Туған жылы: 01.02.1991жыл.
Туған жері: Абай облысы Үржар ауданы Қарақол ауылында дүниеге келген. Жалпы еңбек өтілі: 10 жыл.
Атқарып отырған лауазымдық қызметтегі еңбек өтілі: 3-ші жыл.
Аталған білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі: 12 жыл.
Санаты: педагог-сарапшы.
Білімі: жоғары.
Бітірген оқу орны: Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің физика-математика факультетінің «математика» мамандығы.
Ғылыми дәрежесі: Семей қаласындағы Әлихан Бөкейханов университетінің магистрі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 2013 жылы 1 қыркүйектен бастап «Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ-не жұмысқа математика пәні мұғалімі болып орналасты. Мектепке кірген жылдан бастап 5 сыныпты сынып жетекшілік етуге алды. 2020 жылы 11«Б» сынып түлектерін үлкен өмірге ұшырды.
2015 жылдың тамыз айында Үржар аудандық Қарақол ауылдық округінің жастар маслихат депутаты болып сайландым. Содан бері осы жұмысты атқарып келеді.
2017 жылдың маусым айының 8-і күні Нұр Отан партиясының құрамына енді.
2017 жылдың қыркүйек айында Семей қаласындағы Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-инновациялық заң университетінің информатика магистріне оқуға түсті.
2019 жылы информатика пәні бойынша жаратылыстану-ғылымдарының кандидат магистрін аяқтады.
2019 оқу жылынан бастап «Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ-де директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары болып қызметке тағайындалды.
2022 оқу жылынан бастап «Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ-де директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызметке тағайындалды.
2023 оқу жылынан бастап «Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ-де директордың міндетін атқарушы болып қызметке тағайындалды.
2025 жылдың 18 маусым айынан бастап «Қарақол орта мектеп-бақшасы»КММ-не мектеп директоры болып тағайындалды.
Айдар Мұратжан өз үлесін қосқан, шығармашылық ізденіспен еңбек ететін, білікті де, тәжірибелі ұстаз. Ол «Жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту» әдістемелік тақырыбымен жұмыс істейді. Ұстаз өз сабақтарында жаңа технология элементтерін тиімді қолданып, оқушылардың білімдері мен шығармашылық қабілеттерін шыңдауға баса назар аударады. Сабақ өткізу барысында топпен, жұппен және жекелей жұмыс жасау арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын оята білді. Ол сабақ беретін сыныптаға білім сапасы: 65%.
2018 жылы Үржар ауданы әкімінің орынбасары С.К.Садуакасовтың «Тәуелсіз ел тірегі – жастар!» атты аудандық жастар форумында алғыс хатпен марапатталдым.
2019 жылы Үржар ауданы әкімі С.З.Зайнулдиннің алғыс хатымен марапатталдым.
2019 жылы «Нұр Отан» партиясы Үржар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.С.Джунусованың «Жастар – Отанға» жастар саясатына қосқан үлесіңіз үшін алғыс хатпен марапатталды.
2021 жылы Үржар ауданы әкімі Н.Т.Токсеитовтың ҚР Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Нұр Отан» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесім үшін алғыс хатпен марапатталдым.
2021 жылы Үржар ауданы білім бөлімінің басшысы С.О.Жунусованың Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Үржар аудандық білім бөлімінің 90 жылдығына орай білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен нәтижелі еңбегі үшін мадақтамамен марапатталдым.
2023 жылы Үржар ауданы білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Н.Н.Масғұттың Үржар ауданының білім саласына қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталдым.
Қазіргі таңда Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті, ШҚМУ, ҚазГУ университеттерінде, Медколледжде шәкірттері білім алуда.
Әуестігі – қоғамдық жұмыстарды жауапкершілікпен атқарады, баскетболға қатысқанды жақсы көреді, шахмат, шашки, дойбы ойнағанды жақсы көреді. Жат қылықтарға әуестігі жоқ.
Мектепте белсенді ұстаздардың бірі. Мектепішілік, аудандық әр түрлі сайыстарға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
Қоғамдағы әлеуметтік және саяси ахуалды түсінеді, өзіндік пікірі қалыптасқан ұстаз. Республикалық қашықтық, облыстық интеллектуалдық, аудандық пән олимпиадаларында оқушылар дайындап шығарған.
Мінез-құлқы қалыптасқан, адамгершілік қасиеті зор, ауылдағы қарттарға мүмкіндігіне қарай көмек қолын созады, ата-аналар мен мектеп ұстаздарымен тез тіл табысады. Мектептің оқушыларымен достық қарым-қатынаста жүреді. Қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай алады. Бөгде адамдармен тез тіл табыса алады. Өте еңбексүйгіш, мейірімді, қайырымды ұстаз.