Исканова Назигуль Ермековна
Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: «С. Аманжолов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, химия, биология пәні мұғалімі
Туған жылы және туған жері: 13.07.1963 жыл, ШҚО, Көкпекті ауданы, Қарағандыкөл ауылы
Ұлты: қазақ
Бiлiмi: жоғары
Директорлық лауазымға тағайындалған уақыты: 20 қыркүйек 2016 жыл
Соңғы аттестациядан өткен уақыты: 29 тамыз 2024 жыл
Жалпы жұмыс өтілі: 39 жыл
Педагогикалық еңбек өтілі: 39 жыл
Директорлық қызметтегі еңбек өтілі: 8 жыл
Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 39 жыл
Мектеп басшыларына арналған біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы мәлімет:
2020 ж. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы 80 сағат, БЖ № 007305.
2021ж. «Өрлеу» БАҰО АҚ «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» біліктілікті арттыру курсы № 150762. курсы.
2023ж «Өрлеу» БАҰО АҚ « Білім берудегі менеждмент» біліктілікті арттыру курсы № 044596. 14.08.- 25.08.2023 ж.
2024 ж. «Өркен» балалардың әл – ауқатын арттыру ұлттық ғылыми – практикалық институты» коммерциялық емес АҚ. Орта білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған балалар арасында суицидті алдын алу 15.03.2024 ж. № 00400444
Курстар мен семинар, шеберлік сыныптарына қатысуы:
2021 ж. «Педагоготердің цифрлық құзіреттілігін дамыту» тақырыбында біліктілік арттыру курсы;
2021 ж. «Ғылым және Білім беру үдерістерінің трансформациясы жағдайында ұлт болмысының жаңа парадигмасын қалыптасыру» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция; Өскемен қаласы 25-26.11.2021 ж.
2023 ж. «С.Аманжолов –лингвист, тюрколог, публицист, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы» цифрлық форматта интерактивті сабақты өткізуге бейнеролик жасалды. Өскемен қаласы .желтоқсан 2023ж.
2024ж. «Мектепті басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар практикумда іс –тәжірибесімен бөлісті. 4 қаңтар 2024 ж.
Марапаттары:
2020 ж. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Алғыс хаты;
2021ж. Химия және биология мұғалімдеріне арналған республикалық олимпиада 1 дәрежелі Диплом;
2022 ж. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алғыс хаты;
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаты;
2023 ж. ШҚО білім басқармасының «ORKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми – әдістемелік орталығы» КММ Алғыс хаты;
2024 ж. ШҚО білім басқармасының «ORKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми – әдістемелік орталығы» КММ Алғыс хаты;
МІНЕЗДЕМЕ
Исканова Назигуль Ермековна өз мамандығын жете меңгерген білікті ұстаз, мектеп ұжымын заманауи үрдіспен басқарған мәртебелі басшы. Назигуль Ермековна педагогикалық еңбек жолын Ұлан ауданының Ұлан ауылындағы С.Аманжолов атындағы орта мектебінде химия және биология пәні мұғалімінен басталады, 1986 жылдан бері «С.Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ-де химия және биология пәні мұғалімі, 1989-2016 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2016 жылдан бастап мектеп директорының қызметін атқарып, 39 жыл қызмет етіп келеді.
Мектеп басшысы ретінде жүйелі жұмысы нәтижесін беріп отыр. Мектептің материалдық-техникалық базасының нығаюы да жылдан-жылға артып келеді, бүгінгі күні оқушылар талапқа сай жабдықталған кабинеттерде білім алуда.
Сабақ үдерісі мен сыныптан тыс уақытта оқушы қабілетін ашу, дарындылығының дамыту жұмысы әр пән мұғалімі тарапынан өз деңгейінде ұйымдастырылып, жүргізілуін қадағалап, қорытындысын әр кеңесте талдаудың арқасында мектеп оқушыларының жетістікке жету мүмкіндіктері арта түсті. Жыл сайын оқушылар Республикалық, облыстық, аудандық олимпиадаларға, оқуларға, сайыстарға қатысып, алдыңғы лектен көрініп келеді. Атап өтсем: орыс тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиадада 5 сынып оқушысы Заманбекова Айназ 3-орын, биология пәнінен Ауыл олимпиадасында Жұмабек Маржан 1-орын (2023 ж), Республикалық Ауыл олимпиадасында биология пәнінен Жұмабек Маржан 3 орын алды; Асық атудан облыстық қыздар арасында өткен жарыста 1 орын, теннистан облыстық жарыста Айдын Ақжол 1 орын, «Бес тас» ойынында ұлдар 2 орын иеленді. Мектептің білім сапасы 3 жыл қатарынан 59-60 % көрсетіп келеді.
Исканова Назигуль Ермековна рухани әрі әдістемелік көмек көрсете білген, ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге көңіл бөлетін талапты басшы. Назигуль Ермековна жауапкершілікті, еңбекқорлықты, ұқыптылықты, талапшылдықты сүйетінін көріп, мақтанамыз. Білікті басшы ұстаздар мен оқушылардың білімі, біліктілігіне ғана емес, мектепішілік тәртібіне қатаң талап қоя біледі. Назигуль Ермековна басқарушылық іс-әрекетінің мазмұны, зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден оқушы мен ата-аналардың тығыз ынтымақтастығынан тұратындығын көреміз, оқыту мен оқу, тәрбиелеу үдерісін үнемі жетілдіріп отыру және білім беру реформаларын іске асыруды басты мақсат деп санайды.
Назигуль Ермековна көптеген істерді жүзеге асырып, сапалы жұмыс атқаруда. Өзіне жоғары талап қоя білу, бастаған істі соңына дейін жеткізу, жоғары жауапкершілдік, көпшілікпен тіл табыса білу, алысты көре білу сынды қасиеттерімен ерекшеленетін білікті басшы осындай үлгілі еңбегімен әлі де талай белестерді бағындыра беретініне сенімім мол. Сонымен қатар ол әріптестеріне әдістемелік көмек бере алатын әдіскер, арқа сүйер ақылшы да бола алады. Назигуль Ермековна жайлы әріптестері, оқушылар, ата-аналар да жақсы пікірде. «Білікті басшы - мектеп мерейі» деп тегін айтылмаса керек.