Токтаганов Бауржан Нуркамзинович 1955 жылы 10 қазанда Шығыс-Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында дүниеге келді.
Еңбек жолын в 1972 жылы Алтай совхозында жұмысшы, одан кейін Катонқарағай аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болды. 1973 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың физкультура институтына түсіп 1977 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және спорт жаттықтырушысы мамандығы бойынша бітірді. 1990 жылы Марксизм-Ленинизм Университетін үздік бітірді. Қатардағы мұғалімнен мектеп директорына дейінгі еңбек жолын өтті. Педагогикалық қызметін 1977 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып Катонқарағай ауылындағы Ленин атындағы орта мектебінде бастады. 1988 жылдан 1994жылға дейінгі мерзімде Чернова орта мектебінің директоры, 1994 жылдан 2004 жылға дейін Ленин атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2004 жылдан «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып қызмет атқарады. Жұмыс істеген уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсетті, тәртіпті, орындаушы, еңбекқор, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарайды. Мінезі сабырлы, ұстамды, табанды. Әріптестері мен достары арасында беделі жоғары. Аудандық мәслихаттың 3 шақырылымының депутаты. Аудандық мәслихаттың « Заңдылықты сақтау және депутаттар этикасы» тұрақты комиссиясының төрағасы болды. «Нур Отан» партиясының мүшесі. «Нур Отан» партиясы аудандық филиалының саяси кеңес, бюро мүшесі болып сайланды. Аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, мектеп директорлары кеңесінің мүшесі, аудандық білім беру мекемелері бойынша келісім қомиссиясының төрағасы коғамдық қызметтерді атқарды.
Қоғамдық, саяси және білім беру қызметтеріне белсенді қатысып жақсы нәтижелерге жеткені үшін аудан, облыс, республика деңгейіне алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен, төс белгілерімен марапатталған.