Курметжанова Жанерке Курметжановна 05.05.1984 жылы ШҚО, Катонқарағай ауданы , Аршаты ауылында дүниеге келген. 2001 жылы
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Физика және информатика» факультетіне оқуға түсіп, 2005 жылы аяқтады. 2018-2020 жылдар аралығында осы университеттің «Математика» факультетін аяқтады. 2020-2022 жылдар аралығында С. Аманжолов атындағы ШҚУ –дің «Физика» пәні бойынша магистратурасын тәмамдады. 2005 жылы «Аршаты орта мектебіне» физика және информатика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Мектепте жаратылыстану пәндер бірлестігінің жетекшісі қызметін атқарады. 2021 жылы желтоқсан айында «Аршаты орта мектебі» КММ-де директоры қызметіне тағайындалды.
Жанерке Курметжанқызы өз білімін үздіксіз жетілдіріп отырады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлекция» жалпы білім беретін мектептегі педагогика кадырларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі мектеп тренерлерін оқыту курсы, Робототехника, Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңғырту шеңберінде «Физика» және «Математика» пәні бойынша педагог кадырларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі оқу курсын, «ХХІ ғасыр педагогы » атты біліктілікті арттыру бағдарламасының А1 , А2, В1, В2 деңгейіндегі ағылшын тілі курсын, «Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында орта білім беру ұйымдарының педагогикалық менеджменті» курстарын аяқтады.
2019 жылы физика пәні бойынша «Педагог-зерттеуші» біліктілігін алды. Еңбек өтілі 17 жыл. Жанерке Курметжанқызы 2020 жылы КИО қашықтық олимпиадасында физика пәнінен ІІІ орын, Республикалық физика пәні мұғалімдерінің «Эврика» олимпиадасыннан ІІІ орын, «Дарабоз» оқу орынының ұйымдастыруымен «Үздік сабақ жоспары» конкурсынан І дәрежелі дипломмен, аудандық «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі» сайысыннан І орын, аудан әкімінің мақтау грамотасымен, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ –дың алғыс хатымен, «Парктер шеруі 2021» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Мемлекеттік инспектор» байқауыннан І орынды иеленді. Ұстаздың оқушыларыда көптеген байқауладың жеңімпаздары. 2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 11-сынып оқушысы Зейнелханова Дариға ІІ орынды иеленді. 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11-сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Техника секциясы бойынша 11-сынып оқушысы Түркістанова Ақерке ІІІ орынды еншіледі. Өзінің іс-тәжірибелерін «Математика және Физика», «Физика және Астрономия» ғылыми –әдістемелік журналдарында, «Ұлтымыздың бүгіні мен ертеңі білімді ұрпақ қолында» республикалық педагогикалық конференция кітапшасына, интернет сайттарында жариялап, республика көлемінде таратты. 2022 жылы директорлық қызметінде аудандық білім бөлімінің «Мектеп асханасын қайтадан жаңғыртудағы қосқан үлесі үшін» алғыс хатымен және облыстық білім басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының білім саласына қосқан зор үлесі үшін» құрмет грамотасымен марапатталды.
Жанерке Курметжановна өз сабақтарында оқу материалдарының мазмұнын оқушыларға ойдағыдай меңгерту үшін оқудың әдіс –тәсілдерін дұрыс таңдап, орнынды пайдалана біледі. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, сабақтарында дидактикалық материалдарды, жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияларды тиімді пайдаланады. Ұжым арасында беделді, мінезі ашық, адамгершілігі мол білікті де білімді маман. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, мықты ұйымдастырушы, білікті басшы, қоғамдық іс –шараларға да белсене араласады.
Соттығы жоқ, ешқандай әкімшілік тәртіптік жазаларға тартылған жоқ