Өмірбаян
Мен, Бауедимов Серікқазы Айтказинович 1973 жылы 23 ақпанда Семей облысы, Кокпекті ауданы, Биғаш ауылында тудым. Ұлтым қазақ.
Қазақстан Республикасының азаматымын. Әкем Бауедимов Айтқазы Биғаш совхозының жүргізушісі, анам Бауедимова Хадиша шаруашылық қызметшісі болып қызмет атқарды.
1980-1990 жылдар аралығында Биғаш ауылындағы В.В.Маяковский атындағы орта мектепті оқып бітірдім.
1991-1993 жылдары әскери міндетімді атқардым. 1999 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіне түсіп, 2004 жылы «Дене шынықтыру және спорт тренері» мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
Еңбек жолымды 1995 жылы Биғаш совхозының жұмысшысынан бастадым. 1998 жылы маусым айында Глуховка ауылына тұрақты мекен орныма көшіп келдім.
1999 жылы Стеклянка бастауыш мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа қабылдандым. 2001 ж – 2002 жылдары И.Жансугуров атындағы мектепке дене шынықтыру пән мұғалімі болып қызметке тағайындалдым. 2002 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап «Глуховка орта мектепке » дене шынықтыру пәнінен қазақ сыныптарына мұғалім болып жұмысқа кірдім. 12.01.2015 ж – 17.02.2015 ж аралығында №51 мектеп гимназиясы, Астана қаласында дене шынықтыру пәні мұғалімі ретінде қабылдандым. 01.04.2015 жылдан бастап Семей қаласындағы №17 мектепке дене шынықтыру және тәрбие іс- жөніндегі орынбасары болып қызметке қабылдандым.
Отбасы жағдайым: Үйленген.
Жұбайым Бауедимова Сания Назарбековна 1972 жылы туған «Глуховка орта мектеп» КММ мектепалды даярлық сынып мұғалімі.
Ұлым Бауедимов Ерболсын Серіқазыұлы 1995 ж туған.
Ұлым Бауедимов Жандос Серікқазыұлы 1998 ж туған. Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің IV (төртінші) курс студенті.
Ұлым Бауедимов Ердос Серіқазыұлы 2001 жылы туған «Глуховка орта мектебі » КММ 5-сынып оқушысы.
Ұлым Серікқазы Ерсұлтан «Балбөбек» шағын орталығында.