Ләззат Тұрсынқызы Молдашева 1972 жылы ШҚО Аягөз ауданы Баршатас ауылында дүниеге келген. Әкесі Молдашев Тұрсын, анасы Тұрсынхан отбасында 5 бала тәрбиелеп, бүгінде 19 немере, 3 шөбере сүйіп отырған бақытты отбасы. Отбасындағы жалғыз қыз Ләззат 1989 жылы Баршатас ауылындағы орта мектепті бітіріп, 1994 жылы Семей қаласындағы педагогикалық институтының тарих, қоғамтану факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын Баршатас ауылындағы О.Меңаяқұлы атындағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2000 жылдан 2008 жылға дейін Аягөз қаласындағы №1 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2008 жылы кыркүйек айынан 5-ші қарашаға дейін № 2 мектеп бала бақшада тәрбие ісінің меңгерушісі болып қызымет атқарған. 2008 жылы Аягөз аудандық білім бөліміне әдіскер, 2010 жылдан бастап №6 мектеп жанындағы интернатта директор қызметін атқарады.2012 жылдан бастап аудандық маслихаттың депутаты.
Аудандық, облыстық білім департаментінің мақтау қағаздарымен марапатталған.
Жолдасы Аягөз аудандық ішкі істер бөлімінде 26 жыл қызмет атқарып бүгінгі таңда зейнеткер. 4 баласы бар, көп балалы ана. Үлкен қызы Мелисова Пакизат ҚазҰУ тәмәмдаған. Мелисова Перизат Евразия ұлттық универсиететінің заң факултетеінің ІІі курс студенті. Қайыржанқызы Аружан 6 класс, Қайыржанұлы Құрметжан 4класс оқушысы.
Білім ұйымдары басшылары бұрын да талантты ,ұйымдастырушы әділетті ,білімді ,дарынды , ұжымдағы адамдарға құртметпен қарайтын уақытпен санаспайтын ,жұмыста жанып жүретін ,адамдарды қызықтыра жігерлендіре білетін маман болуы тиіс болса, ал қазіргі кезеңде ол өзгерісті тәжірибеге ,өмірге енгізуді өзінен бастайтын, айналасына мақсатты мүддесі бір мамандар жинай алатын , ұжымды демейтін, қозғау сала алатын, шығармашылық еңбектің қалыптасуына жағдай жасайтын, ұжымның әр мүшесінің орнын, қажеттігін, соның негізінде жұмыстың сапасының табысты болатынын сездіре алатын, болашақты болжай алатын, білікті басшы, менеджер болуға тиіс.
Мектеп директорының басты әрекеттерінің бірі- ұйым жұмысының жүйесін құра білуінде.Ұйым жұмысының жүйесін құрудың негізі-ол директордың жеке басының жұмыс жоспарын жүйелі ұйымдастыра алуында.
ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның жедел дамуын талап ететін кезең.Осы орайда ақпаратты – инновациялық технологиялардың да қарқынды дамып жедел өсуіне оңтайлы жағдайлар тууда. Қазіргі кезде білім саласында қойылған талап та күшті, міндет те мықты.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлттың бәсекелестік қабілеті ең бірінші оның білімділігімен өлшенеді» деп атап көрсеткендей, бүгінгі білім беру ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады.Шығыс нақылы бойынша адамға абырой әперетін төрт іс бар екен: ол – құмда қазылған құдық, өзенге салынған көпір, жол жағасына отырғызылған саялы ағаш, ұстаздан ұлағатты білім алған шәкірт.Бұл жан-жақты дарынды, білімді ұрпақ тәрбиелудің маңыздылығын меңзейтін өнегелі өсиет.
Жас ұрпаққа білім беру, оларды адамгершілікке тәрбиелеу оңай шаруа емес. Бұл мұғалімдерден терең білімді,кәсіби шеберлікті талап етеді. Мектеп - адамның тұлға болып қалыптасу жолындағы алғашқы іргетасы қаланатын қасиетті орда. Ұлттың айбынын асырып, мерейін өсіретін қасиетті қара шаңырақ. Осындай білім ордасының бірі- Аякөз қаласындағы«№ 6 жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернатпен» Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі .«Ұрпағы білімді халықтың,болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде мектептің педагогикалық ұжымы көптеген жетістіктерге жетуде. Ұжымда 31 жоғары санатты, 26 бірінші санатты,11 екінші санатты жалпы 84 мұғалім жұмыс жасайды.
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім»- деген болатын К.Т.Ушинский осы сөзді өздеріне ұран қылған педагогтарымыз бүгінгі таңда «Өрлеу» педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығнда арнайы курстан өтті.
Қазіргі уақытта ең маңызды мәселелердің бірі – оқу тәрбие үрдісіне дұрыс бақылау мен басшылық жасау. Мұнда ұстаздардың кәсіптік деңгейі,олардың жан-жақтылығы,біліктілігі,оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасай білуі. Бақылау барысында мен мектеп әкімшілігінің көмегіне сүйенемін, сол қызметкерлер арқылы мектепті жақсартуға,білім сапасын тереңдетуге, мақсатты мүддесі бір мамандарды ұйымдастыра отырып басқару жүйесі арқылы алға қойған мақсатыма жетемін.