Абишева Рысгуль Токеновна 1965 жылы ШҚО Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі Төкен Мыңбулақ совхозында озат жүргізуші болған, шешесі денсаулығына байланысты жұмыс істемеген. Рысгул 1972 жылы Ақсуат ауданы , Көкжыра совхозының 10 жылдық мектебінде 1- сыныптан оқыған. 1982 жылы Мыңбулақ орта мектебін бітірген.
1982-1984 жылдары Семейдің мәдени ағарту ущелищесінің кітапханаісі бөлімін бітіріп шыққан.
1984 жылы Мыңбулақ совхозының Кеңқолат бөлімшесіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.
1985 жылы Ақтас бөлімшесінде жұмыс істеген. 1986 жылы Семей пед. институтының қазақ тілі және әдебиеті бөліміне сырттай оқуға түскен. 1991 жылы бітірген. 1989 жылы тұрмысқа шығуына байланысты Ақшуәлі орта мектебіне (ф№1) жұмысқа ауысқан.
Жолдасы Абишев Кәдірбек арнаулы орта білімді. Мамандығы – аграном. Қазір жеке шаруа қожалығында жұмыс істейді. Отбасында 4 бала тәрбиелеп өсірді. 2 қыз, 2 ұл бала. Қыздары ержетіп тұрмыс құрып кетті. Бір ұлы Жәнібек Семей Мед.кол. –де оқиды, екінші ұлы Әлібек Алматыда темір жол кол-де оқиды.
Аудандық, облыстық білім департаментінің мақтау қағаздарымен марапатталған.
Жоғары санатты мұғалім.
Еңбек өтілі 31 жыл.
2016 жылы қықкүйек айынан бастап«Ақшәулі жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің директорының міндетін уақытша атқарушы болып жұмыс істеп жүр
Мектеп директорының басты әрекеттерінің бірі- ұйым жұмысының жүйесін құра білуінде. Қазіргі кезде білім саласында қойылған талап та күшті, міндет те мықты.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлттың бәсекелестік қабілеті ең бірінші оның білімділігімен өлшенеді» деп атап көрсеткендей, бүгінгі білім беру ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады.
Ұжымда 5 жоғары санатты,1 бірінші санатты,5 екінші санатты жалпы 13 мұғалім жұмыс жасайды.
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім»- деген болатын К.Т.Ушинский осы сөзді өздеріне ұран қылған педагогтарымыз бүгінгі таңда «Өрлеу» педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығнда арнайы курстан өтті.
Қазіргі уақытта ең маңызды мәселелердің бірі – оқу тәрбие үрдісіне дұрыс бақылау мен басшылық жасау. Мұнда ұстаздардың кәсіптік деңгейі,олардың жан-жақтылығы,біліктілігі,оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасай білуі. Бақылау барысында мен мектеп әкімшілігінің көмегіне сүйенемін, сол қызметкерлер арқылы мектепті жақсартуға,білім сапасын тереңдетуге, мақсатты мүддесі бір мамандарды ұйымдастыра отырып басқару жүйесі арқылы алға қойған мақсатыма жетемін.