Багисова Баян Капезовна 1959 жылы 4 мамырда Семей облысы Жарма ауданы Бөке ауылында дүниеге келді. 1976 жылы осы ауылда Бөке орта мектебін бітіріп , сол жылы Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің химия факультетіне түсіп,1981 жылы аяқтайды.Осы жылы Бөке орта мектебінде химия пәні мұғалімі болып қызметінен бастайды.1982жылы Алматы қаласында ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты лабораториясында агроном,химик болып жұмыс істейді. 1983-1994 жылдар аралығында Шымкент облысы Ленин ауданында химия пәні мұғалімі қызметін атқарады. 1994-2002 жылдарда Жарма ауданы Бөке ауылында химия пәні мұғалімі, 2002- 2006 жылға дейін осы мектепте химия пәні мұғалімі және мектеп директоры болып жұмыс жасайды. 2006 - 2010 ж. аралығында Георгиевка ауылында Абай атындағы орта мектеп – гимназиясында химия пәні мұғалімі және интернат меңгерушісі , 2010 – 2013 ж. аралығында Айгөлек балалар бақшасында меңгеруші және мектепте химия пәні мұғалімі , 2013-2014 ж. Ақжал ауылдық округында әкім қызметін атқарады. 2014 -2017 ж.- Көкпекті ауданында А.С.Пушкин атындағы орта мектебінде мектеп директоры және химия пәні мұғалімі , 2017 жылдан бастап Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп- лицейінің мектеп директоры қызметін атқаруда.