Мен, Чамакаева Асем Хамитовна, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында 29.08.1981 жылы дүниеге келгенмін. 1998-2002 жылдар Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Математика», 2002-2004 жылдар С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Математика магистрі» дәрежесін алдым. 2002-2003 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, алгебра және геометрия кафедрасы, білім және ғылым министрі кафедра оқытушысы; 2005-2006 жылдары Қазақстан Американдық еркін университеті экономика, құқық және информатика кафедрасы оқытушысы; 2006-2023 жылдар аралығында «Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі және 2016-2023 жылдары «Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары; 2023 жылдан «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі» КММ директоры қызметтерін атқардым.
Атқарылған жұмыстардың нәтежесінде ШҚО білім басқармасының алғыс хаты, 2020;
Ұлан ауданы әкімінің алғыс хаты, 2022;
ШҚО әкімдігінің алғыс хаты, 2023;
«АМАНАТ» партиясының төрағасының алғыс хаты, 2022;
«АМАНАТ» партиясының төрағасының алғыс хаты, 2023;
«Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» төрағасы алғыс хаты, 2024;
Қазақстан Республикасы Президентінің жарғысымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталдым, 16.10.2024ж.