Мен, Иманбаева Алия Нигметовна, 1964 жылғы 13 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
1972 жылы Қаратал ауылындағы орта мектептің табалдырығын аттап, мектепті ойдағыдай аяқтадым. Мектеп қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, білім мен тәрбиеге ерекше көңіл бөлдім.
Білімім – жоғары. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіоқу орнын тәмамдадым. Мамандығым – педагогика және бастауыш білім әдістемесі. Біліктілігім – бастауыш сынып мұғалімі.
Алғашқы еңбек жолымды 1989 жылы бастадым. Қазіргі таңда білім беру саласында 40 жылға жуық еңбек өтілім бар. Ұстаздық қызмет барысында жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, өз мамандығыма адал қызмет етіп келемін. Әріптестерім мен ата-аналар арасында сый-құрметке ие болып, кәсіби тәжірибемді үнемі жетілдіруге көңіл бөлемін.
Отбасылық жағдайым – тұрмыстамын, балаларым бар.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Үлкен Қаратал ауылы, М. Қалимолдин көшесінде тұрамын.