ЕрзинДамир Ерзинулы
11қыркүйек 1965 жылы Зайсан қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Зайсан қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, 1982 жылы осы мектепті бітірген. 1983 жылы әскер қатарына шақырылып, 1985 жылы абыроймен Отан алдындағы борышын өтеді. 1984 жылы ШҚМУ-ге орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1991жылы үздік қызыл дипломмен бітірді. 1991 жылы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылындағы Абай орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде еңбек жолын бастады. 1992-1994жылдары “Вехан”, “Ізгілік үні” басылымдарында тілші қызметін атқарды. 1994 жылдан аудандық әкімшіліктің реферанты болып қызмет атқарды, осы жылы аудан әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2000-2006жылдары Гагарин орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2006-2008 М.Әуезов атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2008-2010 жылдары Октябрь мектебінде директор қызметін атқарды. 2011-2014жылдары мектеп-интернатында, 2014-2021жылдары М.Дауленов атындағы мектеп-интернатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2021 жылдың 14маусымынан бастап М.Дауленов атындағы мектеп-интернатының директоры болып жұмыс атқарып келеді.
Отбасында аяулы жары да педагогиклық салада қызмет етіп келеді. Қазіргі уақытта немере сүйіп ата-әже атанып отырған ұлағатты жанұя.