ӨМІРБАЯН
Мен,Базлуова Алмагуль Бисултановна,1977 жылы 14 қарашада Семей облысы Мақаншы ауданы Мақаншы ауылында дүниеге келдім.1984-1994 жылдары Мақаншы ауылындағы Калинин атындағы орта мектебінде оқыдым.1995-1999 жылдары М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінде «Бастауыш сынып мүғалімі» мамандығы бойынша білім алып, Үздік дипломмен аяқтадым.2000-2005 Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің «Бастауыш сынып әдістемесі» мамандығы бойынша жоғары білім алдым.
1997 жылы Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмысқа қабылдандым.2003 -2024 жылдар аралығында Сейфуллин мектебінің бастауыш сыныптар оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқардым.2024 жылдың қыркүйек айынан бастап «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің мектеп директорының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалдым.Санатым-педагог-зерттеуші,екіншң категориялы директордың орынбасары,еңбек өтілім-29 жыл,басшылық қызметте-21 жыл.
Мектептің оқу-тәрбие жұмысын инновациялық бағытта дамыта отырып,ұжымның идеялық-теориялық ,еңбек тәрбиесінің бірлігіне қол жеткізуіне,олардың белсенді азаматтық позициясының ,бүкіләлемдік көзқарасының сеніммен қалыптасуына бағыт-бағдар берудемін.
2019 жылдан бастап Үржар аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің қауымдастығының төрайымы,Абай облысы мұғалімдер қауымдастығының мүшесімін.
Жетістіктерім:
2013жыл-Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының мақтау қағазы
2018 жыл-Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының құрмет грамотасы
2021жыл-ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы
2013жыл,2022 жыл-Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты
2013 жыл-Жыл қорытындысы бойынша Үржар ауданы әкімінің «Жыл мұғалімі» номинациясы иегері
2013 жыл-ШҚО ПҚ БАИ облыстық «Жыл әдіскері» сайысының жеңімпазы
2023жыл-Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалінің» облыстық кезеңінің «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша жеңімпаз
2024 жыл-Абай облысының білім департаментінің мақтау қағазы
Отбасылық жағдайым:тұрмыстамын. Жолдасым Масанов Даурен Алиханұлы-жеке кәсіпкер.Екі қыз,бір ұл тәрбиелеп отырған анамын.Үш балам да «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің үздік оқушылары.