3. Ержомарт Меруерт Аскербековна, 16.01.1985ж. Ұлан ауданы Асу-Булак кентінде дүниеге келген. Білім саласындағы еңбек өтілі 12 жыл. Білімі жоғары, 2020 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамандығы бойынша тәмамдаған. Меруерт Аскербековна 2007 жылдан бастап «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші-әдіскер, 2014 жылдан бастап меңгерушісі қызметін атқарады, мол тәжірибе жинақтаған, бірінші санатты білікті педагог.
Бөбекжай басшылық жасаған уақытта педагогикалық ұжым мүшелері түрлі аудандық спорттық жарыстарда, облыстық, республикалық шығармашылық сайыстарға қатысып, жетістіктерге жеткен. Осы жетістіктердің ішінен жеке өзіне қатыстыларын атап көрсететін болсақ:2017 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Бозанбай ауылдық округінің әкімі С.С. Кадирбековтың мадақтама грамотасымен; 2017 жылы ҚР Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Тәуелсіздікке тарту» атты халықтық мерекеде ІІІ орын теннис спортынан алғаны үшін Бозанбай ауылдық округінің әкімі С.С.Кадирбековтің грамотасымен; 2018 жылы «Ұлан ауданының білім беру бөлімінің» меңгерушісі Қ.Б.Оқасовтың Құрмет грамотасы. 2018 жылы ШҚО Білім басқармасының басшысы С.Жумадилованың Құрмет грамотасы.2019 жылы Ұлан ауданының әкімі Н.Сақтағановтың Алғыс хаты.2019 жылы «Салауатты өмір салты» ұранымен Қ.Қайсенов атындағы жүлде үшін өткен Ұлан ауданының білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі аудандық Спартакиадасының ақтық ойындарында пневматикалық мылтықпен оқ ату жарысында әйелдер арасында 1-орын. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі «skills agademy» ұйымдастырылған ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері «Gaztest.kz» қазақ тілді олимпиада сайтында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту теориясы» пәні бойынша балабақша қызметкерлерінің біліктігін арттыру мақсатында өткізілген Республикалық олимпиаданың 1 орын жүлдегері.2020 жылы «OZATTAR» Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясына енгізілді. Үздік педагогтардың есімін баспа және бұқаралық ақпарат құралдарына насихаттау мақсатында ұйымдастырыған Республикалық «Ozattar» - білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы» жинағына еніп, білім саласының үздік қызметкері қатарынан көрінгені үшін Құрмет грамотасымен және «Ozat htdagog» төсбелгісімен марапатталды. 2020 жылы тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың ҚҰрмет грамотасымен марапатталған. 2020 жылы Ұстаздар күні мерекесіне орай ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбегі үшін Бозанбай ауылдық округінің әкімі Ж.Қ. Мухтаровтың және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Бозанбай ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы Қ.Саденовтың мадақтама грамотасымен марапатталған. Сондай-ақ, Қазақстан Реупубликасы «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының Білім беру саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Үздік жас маман-2020» атты қашықтықтан өткізілген сайысқа жас маманын қатыстырғаны үшін Алғыс хатпен марапатталған. 2017-2020 оқу жылдарында «Шабыт», «New opportunities», «Үркер» білім беру-әдістемелік орталықтары қашықтықтан өткізген сайыстарға жүлдегерлерін жоғары деңгейде дайындағаны үшін көптеген дипломдармен марапатталған.
Меруерт Аскербековна басқарған бөбекжай-балабақша ұжымы 2017 жылы 1 Мамыр – Қазақстан Халқының бірлігі күні мерекесін өткізуге өз үлесін қосқаны үшін Бозанбай ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы Мукашева Р.Т. Мақтау грамотасымен марапатталған; 2019 жылы Ұлан ауданы бойынша «Үздік балабақша» номинациясын иеленген. Дәстүрлі аудандық білім беру саласы ұжымдары арасында өтетін спартакиадаларда ұжым жүлделі орындардан бос қалмаған.
Алматы қаласында ҚР Білім және Ғылым Министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» атты тақырыпта біліктілігін арттыру курсын 2019 жылы тәмамдап, сол бағытта жүйелі, нәтижелі жұмыс жасап келеді. Өскемен қаласы филиалы Педагогикалық шеберлік орталығының «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру білім беру» бағдарламасы бойынша оқу курсынан 2019 жылы өттіп, аудан көлемінде түрлі семинарлар мен форумдарда өз тәжірибесімен бөлісіп келеді.
Меруерт Аскербековнаны әріптестері жаңашыл педагог, шебер ұйымдастырушы, білікті маман, басшы ретінде таниды.
Отбасында үш қыз тәрбиелеп отырған ана.