Слямова Канагат Тусуповна
2.Лауазымы, жұмыс орны, қызметі: «Н.Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі» КММ директорының міндетін атқарушы
3. Туған жылы, айы, күні және туған жері: 12.01.1973 жыл. Бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылы
4.Ұлты: қазақ
5. Білімі: жоғары
1. Семейдің Шәкәрім атындағы педагогикалық институты
Мамандығы: мектепке дейінгі педагогика және психология
Квалификация: мектепке дейінгі педагогика және психология оқытушысы,
2. Абай атындағы мемлекеттік университеті
Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті
Квалификация: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі;
Еңбек жолы:
1993-1994 ж. Балабақша тәрбиешісі
1994- 1999 ж. Раздольное орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
199-2001 ж. Раздольное орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
2001-2015 ж. № 4 Күршім орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2015-2024 ж. Күршім ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгеушісі;
2024 ж. Н. Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі директорының міндетін атқарушы
6. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградалармен наградталған және наградталған уақыты:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2018 жылы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Алғыс хаты, 2018 жыл;
- Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Білім беру және ғылым қызметкерлерінің Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы, 2020 жыл;
- Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Шығыс Қазақстан кәсіподақтарына 100 жыл» төсбелгісі, 2021 жыл;
- Нұр – Сұлтан қаласы «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ ПШО директорының Алғыс хаты, 2021 жыл;
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы, 2024 ж;
- Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасы, 2024 ж;
7. Мекен-жайы: ШҚО Күршім ауданы Күршім ауылы
8.Еңбек өтілі: 30,3жыл
9.Саладағы жұмыс өтілі: 30,3жыл
10. Жетістіктері
Ұлт Жоспары «100 нақты қадамның» 76 қадамында көрсетілген білім бөлімдерінің қызметін рейтингтік бағалауда Күршім ауданының білім бөлімі 19 аудан мен қалалардың ішінде үш жыл қатарынан 1,2-орын орындарды иеленсе, 2018 жылғы облыстық қосымша білім беру жүйесінің сапасын қорытындылау нәтижесі бойынша Күршім ауданының білім бөлімі ІІІ Дәрежелі дипломмен және кубокпен марапатталды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Күршім ауданының командасы 11 жыл қатарынан жүлделі орындарға ие болса, 2024ІІ орынмен және «Үздік олимпиадалық команда- 2024» кубогімен марапатталды. 2018 жылы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті облыстық «Үздік әдістемелік кабинет» сайысында жүлделі 3-орынға, 2022 жылы 1-орынға ие болды.
Пән мұғалімі ретіндегі жетістіктері:
Қазақстанның қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар лигасының Алғыс хатымен марапатталды М.Ж.Көпеевтің 160 жылдығына арналған «Мәшһүртанудың ғылыми негіздері» -Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Республикалық Қазақ әдебиеті пәнінен «Педстарт» қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломжүлдегері, , Республикалық Қазақ тілі пәнінен «Педстарт» қашықтық олимпиадасының І дәрежелі дипломжеңімпазы,«Daryn online» білім беру платформасы ұстаздарға арнап ұйымдастырған ІІ республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндік олимпиадасының ІІ орын жүлдегері, Республикалық Ұлттық интернет олимпиадаға қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Ә.Құсмановтың 70 жылдығына арналған «Табысты менеджер. Басқарудың тиімді әдістері» облыстық педагогикалық оқуға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.2019 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын пәнаралық байланыс негізінде оқыту мәселелері» тақырыбында әдістемелік көмекші құрал жарық көрді. Алматы қ. «Зияткер» ҚҚРБО -2019 жыл. «USTAZ tilegi» Республикалық ұстаздар сайтында 9-сыныпқа арналған М.Өтемісұлының «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Мен едім» өлеңдері бойынша авторлық материалы жарияланды. 2023 жылы облыстық сараптау кеңесінде «Мәтінмен жұмыс жасау теориясы мен практикасы» авторлық бағдарламасы бекітілді. «Қ.Нұрғалиевтің педагогикалық мұрасы заманауи білім беру жүйесінде» өңіраралық педагогикалық оқуға, «Ы.Алтынсарин ізбасарлары» өңіраралық педагогикалық форумына қатысқаны үшін, Мұғалдлімдер күніне арналған «Ашық есік күні» салтанатты іс-шара шеңберінде мастер –класс пен тренингке қатысқаны үшін сертификат, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Іс – әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу: білім беру мекемелерінде жүзеге асыру тәжірибесі» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында зерттеу тәжірибесінің таныстырылымын жасағаны үшін мадақтама және қатысқаны үшін сертификат, «Педагогикалық инновациялар фестивалі» облыстық байқауына қатысқаны үшін сертификат, «педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсына қатысқаны үшін сертификат, «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының облыстық кезеңіне қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Оқушыларының жетістігі: республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңінде оқушысы Т.Ерсанатова ІІІ орынға ие болды, қазақ тілі пәнінен Жалпықазақстандық қашықтықтан өткізілген олимпиадада оқушысы А.Абдықалықова І дәрежелі дипломмен марапатталды, Қазақ тілі пәнінен облыстық интеллектуалдық «LEADER» конкурсында оқушылары Т.Манапов ІІІ орын, Н.Амангельдинова ІІ орын иеленді, «IQ» интеллекттік дамыту орталығының «Уақыт алтыннан да қымбат» білімділер байқауында оқушысы Т.Ерсанатова І орын дипломмен марапатталды.Облыстық қазақ тілі пәнінен «Leader» интеллектуалдық конкурсында ІІ орын, Облыстық қазақ тілі пәнінен «Leader» интеллектуалдық конкурсында ІІІ орын, Аудандық 9-11- сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы, ІІІ орын, Облыстық қазақ тілі мен әдебиетінен Абай олимпидасының жеңімпазы, ІІІ орын, 2019 жыл, Облыстық «Абай оқулары» байқауының жеңімпазы, ІІІ орын, 2019 жыл, Облыстық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиаданың жеңімпазы, ІІІ орын, 2023 жыл.