Аубакирова ( Егінбаева) Ляззат Шайдолдақызы 1963 жылы 25 ақпанда Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келген. Әкесі Егінбаев Шайдолда – тарих пәні мұғалімі, мектеп директоры болып қызмет атқарған. Анасы Тоқтасынова Кантай бастауыш сынып мұғалімі , қазір зейнеткерлік демалыста.1970 жылы Мичурин атындағы мектебіне 1-сыныпқа қабылданып, 1980 жылы Пржевальский атындағы орта мектебін бітірді.1981 жылы Пржевальский атындағы орта мектебіне аға пионер вожатый болып жұмысқа орналасты. 1982 жылы Өскемен педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1987 жылы география пәні мұғалімі мамандығы бойынша диплом алды.1987-88 жылдыры Пржеальский атындағы орта мектепте тәрбие жұмысын үйымдастырушы жұмысына ауыстырылды. 1988 жылы маусым айында Зайсан аудандық комсомол комитетінің ІІІ хатшы-оқушы жастар-пионерлер бөлімінің меңгерушілігі қызметіне сайланды.1989 жылы Өскемен қаласындағы Ленинизм-Марксизм университетінде оқыды. 1990 жылы Зайсан қалалық депутатығына сайланды.1990 жылы КПСС қатарына өтті..1991 жылы комсомол комитеті тарағаннан кейін, аудандық жұмыспен қамту орталығына маман болып жұмыс атқарды. 1992 жылы Сартерек орта мектебіне психолог жұмысына орналасты.1993 жылы Аубакиров Әлібекке тұрмысқа шығып, отбасылық жағдайымен 1993 жылдың қазан айында Қарабұлақ ауылындағы Абай атындағы орта мектебіне оқу ісінің меңгерушілігі қызметіне ауысты.2001 -13 жылдар аралығында мектептің кәсіподақ комитетінің төрайымы қоғамдық жұмысы атқарды.Ауданда өткізілген «Үздік кәсіподақ төрайымы» байқауында 2 рет қатарынан 1 орынға ие болды.2013 жылдан бері мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жұмысын атқарды. 2023 жылдың 20 наурызынан бастап “Абай атындағы орта мектебі” КММ директоры қызметін атқарып жүр. Осы жылдар аралығында облыстық, аудан әкімінің , аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің марапаттарына ие болды. Тәрбиелеген шәкірттері әр салада қызмет атқаруда.