ӨМІРБАЯН
Мен, Мажинова Чинар Тылегеновна 1969 жылы 17 маусымда Шығыс Қазақстан Облысы, Катон-Қарағай ауданы,Топқайың ауылында дүниеге келдім. 1986 жылы Өскемен қаласы, ШҚМУ университетінің физика және математика факультеті бөлімінде оқып, 1991 жылы жоғарғы білім алдым. 1991 жылдан бастап, білім саласында өз мамандығым бойынша қызмет атқарып келемін. 1991ж-1995ж аралығында Өскемен қаласындағы облыстық лицей-интернатында физика пәнінің мұғалімі,1995ж-2002 ж Өскемен қаласындағы облыстық Жамбыл атындағы интернат гимназиясында физика пәнінің мұғалімі, 2002ж-2009жылы Өскемен қаласындағы №1 қазақ орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі,
2009 жылдан бастап Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде физика пәнінің мұғалімі және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
Мен, Мажинова Чинар Тлегеновна жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі және жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатып сапалы тәрбие беру еңбегі нәтижесінде 2010-2014, 2015 жылдары Өскемен қаласы әкімдігінің Алғыс хатымен , 2016 жылы Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2016 жылы Өскемен қаласының әкімінің ,сонымен қатар білім беру бөлімінің басшысының бірнеше мәрте «Мадақтама», «Алғыс хат»-тарымен жыл сайын марапатталдым. 2007-2011 жылдарда екі рет облыс әкімінің жүлдесіне тағайындалған «Ең үздік мектеп» сайысына қатысуға өз үлесімді қосып,жоспарлы жұмыс атқардым.
2017-2018 оқу жылында Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері`»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған
9 айлық мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курста оқып,өзіндік кәсіби білімімді арттырдым.
Берекелі шағын отбасыма тоқталатын болсам ,жұбайым –Ахмадиев Нұрлан Нигиметоллинович.1966 жылы дүниеге келіп Өскемен қаласындағы металлургия өндіріс орталығында қызмет атқарып,еңбек демалысына шықты. Отбасымда 2 қыз тәрбиеленуде.
Мекен жайым: Өскемен қаласы, Молдағұлова көшесі 15/1, 12 пәтерде тұрамын.
Байланыс телефоным: 87078865493