Қызметтік мінездеме
Фамилиясы, аты, әкесінің аты: Таймова Анна Мухамедановна
Лауазымы: Өскемен қаласы әкімдігінің «№35 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Таймова Анна Мухамедановна 2011 жылдан бері Өскемен қаласы әкімдігінің «№35 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып қызмет етеді. Мектеп басқару ісінде Қазақстан Республикасының «Ата Заңын», «Қазақстан -2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын (2012 жыл желтоқсан), «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын (17.01.2014 ж.), «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасын, «Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылға дейінгі білім беру» тұжырымдамасын,«Білім туралы» Заңын (27.07.2007ж.),Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартын (23.08.2012 ж. №1080), ҚР «Тілдер туралы» Заңын (27.07.2007 жылғы өзгертулері мен толықтыруларымен), ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын, «Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған » мемлекеттік бағдарламасын, «Тәрбие берудің кешенді бағдарламасын», Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулар мен бұйрықтарды, «Білім беруді ақпараттандыру» бағдарламасын, «Жалпы білім беретін оқу орындарында 10-11 сыныптарда бағдарлы оқытудың жұмыс жоспарын құру» әдістемелік құралын және басқа мемлекеттік бағдарламаларды, ҚББ кеңестері басшысының жанындағы жиналыстар мен әдістемелік кеңестер шешімдерін басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады.
Педагогикалық кеңестерде ұжым жұмысының алдына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларын, «Қазақстан – 2030» стратегиялық жоспарының негізгі бағыттары мен мемлекеттік стандарт талаптарының нақты орындалуын негізгі міндет етіп ала отырып,осы айқындалған бағыттар мен міндеттер бойынша жасалған жоспарлардың орындалуын талап етеді. Анна Мухамедановна - оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, озық технологиясын жетік меңгерген білікті басшы және тәжірибелі педагог. Мектеп басшысы және тарих, қоғамтану пәні маманы ретінде мұғалім мен оқушының субъектаралық қарым-қатынасын нығайтуға, психологиялық тұрғыдан қолайлы жағдай туғызуға ерекше назар аударады. Оқушылардың мемлекеттік тілден басқа орыс, ағылшын тілдерін еркін игерулеріне және мектепті материалдық-техникалық базамен жоғары деңгейде қамтамасыз ету жағын, атап айтсақ: компьютер, мультимедиялық кабинет, интерактивті тақтаның үздіксіз жұмыс жасауына мүмкіндік тудырып отыр. Анна Мухамедановна - тәжірибелі, талап қойғыш, адамгершілік қасиеті басым, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшы.
Оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңалықтар Анна Мухамедановнаның жетекшілігімен енгізіліп, рейтінгілік бақылауды жүзеге асырып келеді. Мектепке оқушылардың бірыңғай талабын жүзеге асыра отырып, әрбір оқушыны патриоттық тәрбиеге, ұлтжандылыққа, болашақта Отанына, халқына адал қызмет атқарып, жақсы азамат болып, туған елін мақтаныш етуге, әрбір оқушының еңсесін көтеріп, нағыз азамат пен азаматша екенін көрсету мақсатындағы іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлкен көңіл бөледі. Мектепте оқушылардың бірыңғай формасының сақталуын талап етеді.
Анна Мухамедановнаның басшылығымен № 35 орта мектебі оқу-тәрбие үрдісінде жоғары көрсеткішке жетті. 2011-2012 оқу жылында 746 оқушының –218-і оқу озаты, 270-і оқу екпіндісі, білім сапасы- 66%, үлгерім-100 %, 2012-2013 оқу жылында 911 оқушының 239-ы оқу озаты, 332-сі оқу екпіндісі, білім сапасы - 65%, үлгерім - 100 % көрсетті.
2011-2012 оқу жылы – 25 оқушы бітіріп, ҰБТ-ден 73,5 орта балл жинады, 2012-2013 оқу жылы – 42 оқушы бітіріп, орта балл – 67,9 жинап, қаламыздың үздік 10 мектеп қатарына енді. Анна Мухамедановнаның өзінің сабақ беретін пәндері бойынша да ҰБТ нәтижелері жоғары деңгейде болды. 2010-2011 оқу жылында ҰБТ бойынша Қазақстан тарихы пәнінен орта балл- 19, білім сапасы – 94%, дүние жүзі тарихы пәнінен орта балл- 19,5; білім сапасы – 100% -ды, 2011-2012 оқу жылы Қазақстан тарихы пәнінен орта балл бойынша қала деңгейінен жоғары көрсеткішті көрсетті.
2012-2013 оқу жылында 1 оқушымыз - Кумарова Керім «Алтын белгімен» бітіріп шықты. 2013-2014 оқу жылында «Алтын белгіге» үміткер 1 оқушы, «Үздік аттестатқа» үміткер 1 оқушы бар. 2012-2013 оқу жылында – «Үздік куәлік» иегерлерінен 2 оқушы бар. Жыл сайынғы мектеп түлектерінің 40%-ы Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының грант иегерлері атанады. Сабиқанов Абзал Ресей мемлекетінде Чероповецк қаласында әскери академияда оқиды. Алматы қаласында ҰҚК және шекарашылар академиясында 2 түлек: Райымханов Жасұлан мен Төлеуханов Құрмет, Т.Рысқұлов атындағы политехникалық университетте Кумарова Керім мен Рахымжанова Лунара, Астана қаласының Евразия университетінде Сейілханова Диляра білім алуда. Сағдархан Ақбота Қазақстан тарихы пәнінен облыстық интеллектуалдық ойындар сайысының жүлдегері атанып, Қазақстан тарихы пәнінен жоғары оқу орнының грант иегері атағын жеңіп алды. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де 12 түлек, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де 6 түлек оқып жүр. 2011,2012 жылдары 5 оқушы облыстық пәндік олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері атанып, республикалық «Балдәурен» лагерінде демалып қайтты.
2014-2015 оқу жылының ҰБТ қорытындысы бойынша – 97,4% көрсеткішке жетіп, қала бойынша бірінші ондықтың қатарында болса, 2015-2016 жылы алтыншы орында тұр. Жыл санап мектеп оқу үлгерімі жағынан ғана емес, оқу-тәрбие жұмысында да үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Атап айтқанда, 2015-2016 оқу жылында 12 оқушы республикалық ән-би сайысынан жүлделі орындарға ие болса, гимнастика, таэквандодан халықаралық жарыстардан жүлделі орындар алды.
Анна Мухамедановна мектептің ішкі және сыртқы келбетін көріктендіруге, абаттандыруға, безендіруге, техникалық жабдықтауына басшылық жасады. Мектепке кеңжолақты интернет жүйесін тартқызды. Әрқашан жақсылық пен жаңалықтың жаршысы ретінде өз ісінің жанашыры ретінде танылып келеді. 2011-2016 жылдар аралығында Анна Мухамедановна басшылық ететін № 35 орта мектеп жалпы қала мектептерінің арасындағы рейтинг бойынша жоғары деңгейге көтерілді. 2013,2014,2015 жылдары қалалық «Ең үздік көгалдандыру» сайысында жүлделі ІІ, ІІІ- орынды иеленді. «Қар қалашығы» қалалық сайысынан 2 жыл қатарынан мектеп ІІ-орын алды. 2011 жылы мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілді. Физика, химия, информатика, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәні кабинеттері бүгінгі күн талабына сай жабдықталған.
2011-2012 оқу жылында облыс әкімі Б.М.Сапарбаев пен ШҚО білім беру басқармасының төрайымы М.М.Ахметова мектептің «Соңғы қоңырау» мерекесіне қатысып, мектептің жұмысына оң баға берді. 2012-2013 оқу жылында Наурыз мерекесіне орай қалалық білім беру бөлімі атынан №35 орта мектеп киіз үй тігіп, облыс әкімі Б.М.Сапарбаев пен өңір, қала басшылары атынан Алғысқа ие болды.
2011-2012 оқу жылында бастауыш буынның 4-сыныптарының қалалық пәндік олимпиадасынан Бас жүлде алып, 2012-2013 оқу жылының сәуір айында мектепте бастауыш буынның 4-сыныптарының қалалық пәндік олимпиадасы ұйымдастырылып, жоғары нәтижемен өтуіне үлкен үлес қосты. «Экстремизмге қарсы күрес» тақырыбында оқу ісінің орынбасарлары мен тарих,қоғамтану және дінтану пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар ұйымдастырылып, оқу ісінің орынбасарлары мен мұғалімдер мектептің тыныс-тіршілігі мен педагогтардың іс тәжірибесімен танысты. Өзін өзі тану пәнінен «Өзін өзі тану пәнін жүргізудің ғылыми-әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылып, облыс мұғалімдері мен оқу ісінің орынбасарлары тарапынан жоғары бағаға ие болды. 2014-2015 оқу жылы «Сыныптан тыс шаралар өткізу арқылы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық семинары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта директордың басшылығымен педагогикалық ұжым «Этномәдени және патриоттық оқу-тәрбие негізінде оқушы мен мұғалімнің субъектаралық қарым-қатынасын дамыту» атты өзекті тақырыбымен нәтижелі жұмыстарын жалғастыруда. Білікті директордың басшылығымен педагогикалық кадрларды басқару жұмысы да мақсатты түрде мектеп жұмысының жоғары нәтижеге көтерілуіне бағытталып, мұғалімдердің теориялық және кәсіби шеберлік деңгейлерінің өсу динамикасы қарқынды байқалады. Анна Мухамедановна 2015 жылы Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсты аяқтап, мектептің іс-тәжірибесін таратуда халықаралық эксперттік кеңеске ұсынылды, сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында дәріскер. Сонымен қатар мектептің бірнеше мұғалімдері: атап айтқанда география пәні мұғалімі Н.А.Сабырбаев - Ұ.Ә.Есназарованың Республикалық атаулы мектебінің мүшесі, З.Н.Жомартова - республикалық «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығының тренері. 4 мұғалім Кэмбридж бағдарламасы бойынша 3 айлық деңгейлік курстан өтіп, нәтижелі жұмыс атқаруда. Соңғы 3 жылда өздерінің кәсіби білімдерін жетілдіру мақсатында 56 педагог (74%) қайта даярлау курсынан өтті.
Анна Мухамедановна ақпараттық – коммуникациялық технология мүмкіндіктерін еркін қолдана алады. Электронды өнімдер жасауға мектеп ұжымын жұмылдырып келеді. Басқарып отырған мектеп ұжымының 100%-ы республика көлеміндегі электронды оқыту курсынан өтті. Бүгінде мектептің электронды базасы жасалынып, жинақталуда. Интернет желісінде мектептің арнайы сайты енгізілген.
2014 жылдың 3.02.-7.02. аралығында мектеп Мемлекеттік аттестаттаудан өткізілді. Жалпы үлгерім көрсеткіші – 97,9 %-ды көрсетті. «Білім ұясы: үздік жалпы білім беретін мектеп» қалалық байқауына қатысуға жолдама алды.
Анна Мухамедановнаның облыстық, республикалық басылымдарда бірнеше еңбектері жарық көрді. «Қазақстандық білім қоғамы дамуы жолындағы материалдық емес құндылықтарды зерттеу, сақтау және жарияланымдау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, өзінің озық іс-тәжірибесімен бөлісті.
А.М.Таймова осындай жоғары деңгейдегі сапалы жұмыс нәтижелері үшін 2011 жылы Өскемен қаласы әкімінің Алғыс хатымен, 2012-2014 жыл аралығында Шығыс Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Алғыс хатымен,Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының мадақтамаларымен, Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасының, бірнеше рет «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Алғыс хаттарымен, бірнеше рет қалалық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен, мақтау грамоталарымен, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің Алғыс хаттарымен және 2015 жылы ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.
2016 жылы Анна Мухамедановна педагогикалық саласындағы ұзақ жылдардағы қызметі үшін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақтан тәуелсіздігіне-25 жыл» медалімен марапатталынды.
2017 жылы Анна Мухамедановна ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасына ие болды.
2018-2019 оқу жылы бойынша педагог қалалық білім бөлімі басшысының, ШҚО «Өрлеу» АҚ, Аймақтық Шығыс өңірлік орталығының, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Алғыс хатымен марапатталынды.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қанатты сөзге лайық , жалпы ұжым, оқушылар мен ата-аналар алдында беделі жоғары Таймова Анна Мухамедановнаның нағыз қазақ халқының патриот қызы, үлгі болар азаматшасы екендігі сөзсіз.
Анна Мухамедановна Қазақстан Республиксының Еңбек кодексіне сай еңбек тәртібін талап ететін, алдына қойған мақсатын жүзеге асыруға, ұжым намысын сақтауға бар күш-жігерін жұмсайтын тұлға.
Мектеп директоры ретінде қарым-қатынас жасауда сабырлы да, салмақты, әр істі терең ойланып шешетін жауапкершілігі жоғары, тиянақты адам.