Өмірбаян
Мен, Бозанбаева Гүлжаухар Халелқызы 1958 жылдың қыркүйек айының 22 жұлдызында ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келдім.
1975 жылы орта мектепті бітіріп, 1975-1980 жылдар аралығында Семей педагогикалық институттың жаратылыстану факультетін бітіріп, жоғары білімді химия-биология пәнінің мұғалімі маманы бойынша диплом алдым.
36 жыл жалпы еңбек өтілім бар, оның ішінде 30 жылдай педагогика саласында еңбек етіп келемін.
Балабақша меңгерушісі, интернат меңгерушісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқара отырып, 2012 жылы ШҚО, Семей қаласы, Жарқын жалпы орта білім беретін мектебіне конкурстық негізде директор болып тағайындалдым.
Оқушыларымның ішінен республикалық, халықаралық, облыстық сайыстардың жеңімпаздары аталғандары бар.
2015 жылы мектебіміз тиімділік қызметіміз бойынша қала бойынша ауыспалы «Білім» рәмізіне, «Ауылдың үздік жалпы білім беретін мектебі» аталымына ие болды.
2013 жылдан «Жүз бала» жобасы бойынша оқу-тәрбие үрдісін жүргізіп келеміз. Облыста, республикда іс-тәжірибеміз таратылды.