Сепсекенова Айжан Задановна 1965 жыл 17 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шілікті ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Шілікті орта мектебіне 1-сыныпқа барды. 1983 жылы 10-сыныпты аяқтаған. 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Өскемен педагогикалық институтына География және биология мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1988 жылы институтты бітірді.
1988-1992 жж. Семей қаласы №7 темір жол мектеп-интернатында география пәні мұғалімі қызметін атқарған.
1992-1999 жж. Жаңа Семей ауданы Новопокровка ауылының Новопокровка орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болып қызметін жалғастырды.
1999-2001жж. №42 орта мектебінде география пәні мұғалімі болып қызметін атқарған.
2001-2008 жж. Семей қаласы «№39 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ география пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.
2008-2023 жж. «№39 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалып қызметін жалғастырды.
2018 жыл Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің грамотасы
Көп жылғы педагогикалық қызметі, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға қосқан үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Айжан Задановна Сепсекенова марапатталады.
2020 жыл Шығыс қазақстан облысы Семей қаласының
«Құрмет грамотасы»
Көп жылғы мінсіз еңбегі, жоғары кәсіпқойлығы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Айжан Задановна Сепсекенова марапатталады
2021 жыл Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының
«Құрмет грамотасы»
Кемелді келешекке аяқ басып отырған еліміздің білімді азаматтары
оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбегі үшін
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, география пәні мұғалімі Сепсекенова Айжан Задановна марапатталды