Өмірбаян
Мен, Кабдолдина Гулсим Дарубаевна, 1967 жылы 23 ақпанда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Жарбұлақ ауылында дүниеге келдім.Ұлтым – қазақ, Қазақстан Республикасының азаматымын.
1973 жылы Жарбұлақ ауылындағы Б.Майлин атындағы орта мектептің 1 сыныбына қабылдандым.
1983 жылы Жарбұлақ ауылындағы Б.Майлин атындағы орта мектептің 10 сыныбын бітіріп шықтым.
1983 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей Педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті ұлттық мектептерде факультетіне түсіп, 1988 жылы аталған оқу орнын бітірдім.
1988 жылы Жарбұлақ ауылындағы Б.Майлин атындағы орта мектепке орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қабылдандым.
Жанұяда жеті бала тәрбиелендік. 1989 жылы тұрмысқа шықтым.Қазір жанұямда жолдасым Кабдолдин Галым Даулетханович, қызым Кабдолдина Лалагуль Галымовна бар.Тұрғылықты жерім Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Ақшоқы ауылы, Б.Момышұлы көшесі,№ 31 үй.
1993 жылы Ақшоқы ауылындағы Ақшоқы орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қабылдандым.
1999 жылы осы мектепте директордың оқу тәрбие жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым.
2018 жылдан бастап «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп – балабақша» КММ – нің, бұрынғы, Ақшоқы орта мектебінің директоры қызметін атқарамын.