«Қарақол орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өмірбаян
Аты-жөні: Курмангалиева Бакыт Берикболовна
Туған күні мен жылы: 26. 04.1966ж ұлты: қазақ Педагогикалық өтілі: 32 жыл Атқарып отырған лауазымы бойынша еңбек өтілі: 32 жыл Аталған білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі: 32 жыл Білімі: Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, математика мамандығын бітірген.
Марапаттары, атақ дәрежесі, ғылыми атағы мен дәрежесі: Облыстық, аудандық Білім бөлімінің мақтау грамоталарымен марапатталды.
Курмангалиева Бакыт Берикболовна 1987 жылдан бастап «Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ-інде жұмыс істеп келеді.
Бакыт Курмангалиева өз үлесін қосқан, шығармашылық ізденіспен еңбек ететін, білікті де, тәжірибелі ұстаз. Ол «Жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту» әдістемелік тақырыбымен жұмыс істейді. Ұстаз өз сабақтарында жаңа технология элементтерін тиімді қолданып, оқушылардың білімдері мен шығармашылық қабілеттерін шыңдауға баса назар аударады. Сабақ өткізу барысында топпен, жұппен және жекелей жұмыс жасау арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын оята білді. Ол сабақ беретін сыныптаға білім сапасы: 70%
Бакыт Берикболовнаның өткізген сабақтары жоғары деп бағаланып жүр. Атап айтсақ «Ондық бөлшіктерді қосу, «Ондық бөлшектерді бөлу». «Жай бөлшекті көбейту», «Жай бөлшекті бөлу» тақырыптарына өткізген аралас, кіріктірілген ашық сабақтарында сын тұрғысынан ойлау, ойын технологияларын өте тиімді қолдана білді.
Б. Курмангалиеваның оқушылары 2016 жылы математика пәні бойынша халықаралық «Филолог» интернет олимпидасынан Раимханова Г, Асланбек М, Мұратбеков Е, Архатқызы А жүлделі І орындар алды. Пән мұғалім ретінде Курмангалиеваға алғыс хат берілді.
Республикалық «Нұрлы болашақ» қашықтық олимпиадасына оқушылары Жасасынов Е сертификат, Азымбаева І орын алды. Жетекшісі Бакыт Берикболовна алғыс хатпен марапатталды.
2017 жылы «Білім және Ғылым» атты республикалық шығармашылық фестивальде «Ең үздік ғылыми жоба» бағытында оқушысы Ержанқызы Г II орынға ие болып, сертификат алды. Жетекшісі Б Курмангалиеваға алғыс хат пен сертификат берілді.
Бакыт Берикболовна өз іс тәжірибесін аудан, облыс, республика көлемінде таратып жүр. 2015 жылы республикалық деңгейде «Білім және тәрбие берудің заманауи интерактивті әдіс- тәсілдері» тақырыбында III қалалық тәжірибелік конференцияға өз жұмысын жолдады.
«Инклюзивті білім беру: өзекті мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми практикалық форумға мақаласы жарияланды. 2017 жылы халықаралық «Инфоурок» сайтына сабақ жоспраы жіберіліп, куәлік пен сертификат алды. 2014 жылы аудандық деңгейде «Өнегелі өмірдің бастауы – ұстаздар» тақырыбындағы шығармашылық байқауда І орын алды. 2016жылы «Өнегелі өмірдің бастауы-ұстаздар» байқауында ІІ орынға ие болды.
Ол оқушылармен жекелей жұмыс жүргізіп, оларды өз бетінше еңбек етуге үйретеді. Оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарды шебер ұйымдастырады. «Сандар сыр шертеді»ойын сабақ, «Математика патшасы» сайыс сабақ, «Кім тапқыр» интеллектуалдық ойын сабағы, «кім жылдам» жарыс сабақтары әріптестері арасында жоғары бағаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ой-өрістертерін дамытуда...
Б.Б.Курмангалиева оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп келеді, ата-аналармен, пән мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Мектеп ұжымында, оқушы арасында сыйлы. Мінезі ашық, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, белсенді ұстаз.
Б. Курмангалиеваның оқушылары 2016 жылы математика пәні бойынша халықаралық «Филолог» интернет олимпидасынан Раимханова Г, Асланбек М, Мұратбеков Е, Архатқызы А жүлделі І орындар алды. Пән мұғалім ретінде Курмангалиеваға алғыс хат берілді.
Республикалық «Нұрлы болашақ» қашықтық олимпиадасына оқушылары Жасасынов Е сертификат, Азымбаева І орын алды. Жетекшісі Бакыт Берикболовна алғыс хатпен марапатталды.
2017 жылы «Білім және Ғылым» атты республикалық шығармашылық фестивальде «Ең үздік ғылыми жоба» бағытында оқушысы Ержанқызы Г II орынға ие болып, сертификат алды. Жетекшісі Б Курмангалиеваға алғыс хат пен сертификат берілді.
Бакыт Берикболовна өз іс тәжірибесін аудан, облыс, республика көлемінде таратып жүр. 2015 жылы республикалық деңгейде «Білім және тәрбие берудің заманауи интерактивті әдіс- тәсілдері» тақырыбында III қалалық тәжірибелік конференцияға өз жұмысын жолдады.
«Инклюзивті білім беру: өзекті мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми практикалық форумға мақаласы жарияланды. 2017 жылы халықаралық «Инфоурок» сайтына сабақ жоспраы жіберіліп, куәлік пен сертификат алды. 2016жылы «Өнегелі өмірдің бастауы-ұстаздар» байқауында ІІ орынға ие болды.
2019жылы «Өнегелі өмірдің бастауы-ұстаздар» байқауында ІІІ орынға ие болды.