ӨМІРБАЯН
Мен, Акласова Жанар Советкановна, 1973 жылы 27 ақпанда ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылында дуниеге келдім. Отбасымда анам, екi апайым, бiр бауырым бар. Әкем Нургалиев Советкан Толегенович қайтыс болған, анам Нургалиева Несипкайша зейнеткер. Апайым Смагулова Бибігүл Советкановна Нур-Султан каласында медбике, екінші апайым Садыкова Бактыгуль - үй шаруасында. Бауырым-Нургалиев Еркiн Советканович, мал шаруашылығымен айналысады.
1988 жылы «Крупская атындағы орта мектептi тәмамдап, Семей педагогика училищесiне оқуға тустiм. 1992-1997 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Құқық және пән негіздері» факультетiнде, 2002-2004 жылдары Қазақстан Американдык еркiн университетінің «Педагогика және бастауыш» факультетiнде оқыдым. 01 шілде 2022 жылы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы немесе (және) білім беру бағдарламасы бойынша едагогика ғылымдарының магистрі» дәрежесін алдым.
Білімім -жоғары, еңбек өтiлiм – 30,3 жыл. 1992-1993 жылдары Гагарин мектебiнде еңбек пәні мұғалiмi болып жұмыс істедім, 1993-2004 жылы «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ-де бастауыш сынып мұғалiмi, 2004 -2016 жылы «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ-де бастауыш сыныптар бойынша оқу iсiнiң меңгерушісі, 2017 жылдан бастап «Жансүгіров атындагы орта мектебі» КММ-де мектеп директоры, 2022 жылдың 02 қыркүйегінен бастап Абай обл ББ Үржар аб ББ «Бауыржан Момышұлы атындағы орта метебі» КММ –сінде мектеп директоры қызметіндемін.
Тұрмыстамын, жолдасым Акласов Серик Сарсембаевич, 1971 жылы туған, «Бауыржан Момышулы атындағы орта мектебі» КММ-де технология пәні мұғалім болып қызмет етедi. Үш баламыз бар. Тұңғыш ұлым Акласов Ермек Серiкулы, 1993 жылғы, Семей каласында №5 поликлиникада дәрігер, екiншi ұлым Акласов Дамир Серікулы, 1999 жылғы, Семей медициналык Академиясында 5 курс студенті, кенже улым - Сарсенбаев Тимур Серiкулы «Б.Момышұлы атындагы орта мектебі» КММ 7 сынып окушысы. Екі немерем бар.
Мекен-жайым: Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Гоголя 4.
Акласова Жанар Советкановна