Кемелбаева Айгул Увалиулдановна 16.01.1962 жылы Зайсан ауданының Рожков селосында дүниеге келген. 1978 жылы Зайсан қаласындағы М. В. Ломоносов атындағы орта мектебін бітіріп, Өскемен педагогикалық институтын 1978 жылы түсіп, 1983 жылы аяқтады. Зайсан қаласындағы «Жас натуралистер» станциясында жұмыс істеді. 1984 жылы мектеп – интернатта аға пионер вожатый, 1988 жылы сол мектепте тәрбиеші, 1990 жылы М. Әуезов атындағы орта мектепте география пәнінен сабақ берді. 2002 жылы сол мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2009 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2011 жылы М. В. Ломоносов атындағы орта мектептің директоры болып қызмет атқаруда.