Туған күні:1960-10-17
Жұмыс орны: КММ «М. Әуезов атындағы орта мектебі»
Лауазымы: КММ «М. Әуезов атындағы орта мектебі» директоры, қазақ тілі мен әдебиеті, география пәнідері мұғалімі
Облысы: Шығыс-Қазақстан облысы
Мекен-жайы: Зайсан қаласы
Педагогикалық тәжірибесі: 34
Санаты: жоғары
Педагогикалық өмірбаяны:
Жикенова Нурзада Акановна еңбек жолын бала бақшадан бастаған — «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры. Басшылық қызметтегі өтілі:
21 жылдың- 7 жылы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 8 жыл оқу әдістемелік орынбасары, 2 жыл оқу — тәрбие ісінің меңгерушісі,
2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін мектеп директорының қызметін атқаруда. Өз білімін жетілдіру мақсатында облыстық, республикалық білім жетілдіру курстарынан өткен. -Ұйымдастырушылық қабілеті мен коммуникативтік мәдениеті жоғары дамыған басшы. Ол қиын жағдайда жол таба білетін, ұжымды бір іске жұмылдыра білетін көреген, білікті маман. Оқушылар, ата- аналар және ұжым арасында беделге ие, педагогикалық әдебі жоғары. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын, Ол қиын жағдайда жол таба білетін, ұжымды бір іске жұмылдыра білетін көреген, білікті маман.. Мектептің өзекті тақырыбы: «Білім беру жүйесінің бәсекеге, қабілеттілікке бағытталып жаңғыруы жағдайында мамандардың кәсіби құзырлығын үздіксіз арттыра отырып, жеке тұлғаға бағыттап оқу-тәрбие сапасын арттыру.» Осы мақсатта Оқушының бойына азаматтық пен қазақстандық патриотизм сезімін сіңіруде, шектеу емес көмектесуге, тиым салу емес бағыт беруге, бұйрық емес жетекшілік жасауға қол жеткізіп, ұжым арасында іскерлік ахуал, қалыпты моральдық жағдай қалыптастыруда жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатып, Отанын, жерін сүюге шығармашылық қабілетін арттыруда ұжымды жұмылдыра жұмыс жүргізуде. Аудан, облыс арасындағы әскери – патриоттық ойындарда, аудандық барлық шерулерге, іс-шараларға ұжымды, оқушыларды, ата-аналарды қатыстырып бас жүлдеге ие болуда орындарға ие болды, аудан әкімінің алғыс марапаттарына ие болды.
Мектеп оқушылармен жұмыс жүргізуде мектеп үнемі алдыңғы лектен көрініп олимпиадалардан, ғылыми жобалардан, спорттық жарыстардан, көркемөнерпаздар сайыстарынан үш жыл қатарынан жүлделі орын иеленуде.
Марапаттар, грамоталар, алғыстар, сайыстар:
2016 жыл — Елбасы Н.Назарбаевтың «Алғыс Хаты»;
2015 жыл –Республикалық ғылым және білім беру орталығы М.Қ. Жақып- «Алғыс хат»;
2015 жыл «І Дәрежелі Үздік педагог зерттеуші»;
2015 жыл «Халықаралық дәрежедегі мақтау қағаздары»;
1996-2016 жыл аудандық , облыстық, республикалық, білім бөлімінің мақтау қағаздары;
1996—2016 жыл облыстық, . Ата-ана және жоғары басқару мемлекеттік университет орындарымен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс істеу нәтижесінде білімді, дарынды мектеп түлектерін дайындаған мектеп басшысы ретінде Нурзада Акановна «Еуразиялық Ұлттық Университеті», «ШҚ Мемлекеттік Университеті», «ШҚ Техникалық Университеті», «Семей Мемлекеттік Медициналық Академиясының « мақтау қағаздарымен марапатталды. жоғары оқу орындарының мақтау хаттары.