Турабаева Риза Юрьевна 1966 жылы 21 қазанда ШҚО Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келді.1982 жылы 1 қыркүйекте Өскемен қаласындағы педагогика училищесінің техникалық еңбек және сызу факультетіне оқуға түсіп, 1986 жылы бітіріп шықты. 1986 жылы еңбек жолын Талдықорған облысы, Ақсу ауданы,Тасқан ауылындағы Жаңатілеу орта мектебінде еңбек және сызу пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.1987 жылы тұрмысқа шығып, отбасын құрды. 1987 жылы ШҚО,тарбағатай ауданы Ахметбұлақ ауылындағы Қазақстанның 30 жылдығы сегіз жылдық мектепте техникалық еңбек, сызу пәні мұғалімі болып орналасты. 1989 жылы осы мектепте тәлімгер және кітапханашы болып еңбек етті. 1990-1996 жылдар аралығында директордың оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, 1996 жылдан 2006 жыл аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. 2007-2011 жылдар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және психолог болып жұмыс істеді. 2012 жылдан қайтадан Д.Қонаев атындағы орта мектепте мектеп директоры болып, 2013 жылы конкурстың негізінде Зайсан ауданы, «Сарытерек орта мектебі» КММ-нің директоры болып қызмет атқарып келеді. 1996 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет граммотасымен, 2001 жылы ҚР-ның Тәуелсіздігінің 10 жылдық мерейтойының медалімен марапатталды. Жоғары санатты, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 2015 жылы санатын растады.2001 жылы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп шықты.