Аманбаева Гулжанат Мержакуповна
ӨМІРДЕРЕК
Аманбаева (Жымбынова) Гулжанат Мержакуповна, 1966 жылы 10 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келді.
1974 жылы Зайсан ауданы, Жаңатұрмыс ауылында 1 сыныпқа қабылданып, 1978 жылы Зайсан қаласындағы мектеп-интернатына ауысты.
1984 жылы 10 сыныпты бітіріп, Өскемен қаласындағы педагогикалық институтының «Орыс тілі және әдебиеті» факультетіне оқуға түсті. 1989 жылы атаулы оқу орнын бітіріп, Тарбағатай ауданы, Комсомол ауылының Ленин атындағы мектебінде алғашқы еңбек жолын бастады.
1990 жылы Зайсан қаласы, Жаңатұрмыс ауылының мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
1999-2000 жылдары Айнабұлақ, Шілікті орта мектептерінде еңбек жолын жалғастырды.
2000 жылдың сәуір айынан бастап осы Зайсан қаласындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 2008 жылы мектеп тәлімгері болып, 2010 жылдан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
2017 жылдың 24 мамырынан бастап Ю.Гагарин атындағы орта мектебіне мектеп директоры