Базаров Еркин Слямгалиевич 1961 жылы 28 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келдім. 1968 жылы Қарабұлақ ауылы «Абай» орта мектебіне 1 класқа барып,1969 жылы (әкемнің Көгедай ауылы «Большевик» сегізжылдық мектебіне директор болып ауысуы себепті) осы мектепте жалғастырып, 1976 жылы бітіріп, Зайсан қаласындағы мектеп-интернатында оқып, 1978 жылы орта мектепті бітіріп шықтым.1978 жылы Өскемен қаласындағы музыкалық училищесінің ән айту, дирижер бөліміне түсіп 1982 жылы тәмәмдадым.1982 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының ән айту кафедрасына оқуға түсіп, 1988 жылы «камералық әнші, мұғалім» мамандығын алдым. 2007 жылы Қазақстан Американдық Еркін университетіне түсіп, 2009 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша біліктілігі және бакалавр академиялық дәрежесі берілді.1988 жылы Қазақ ССР оқу ағарту министрлігінің жолдамасымен Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы педагогикалық институтында музыкаға тәрбиелеу методикасы факультетінде мұғалімдік еңбек жолымды бастадым. Семья жағдайыма байланысты 1990 жылы қазан айында Зайсан ауданына келіп Қаратал музыка мектебінде мұғалім, аудандық мәдениет бөлімінде инспектор, 1992 жылдан аудандық мәдениет бөлімінің бастығы (меңгерушісі) болып қызмет атқардым. 1996 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін «Көгедай» орта мектебінде директорлық қызмет атқарып келемін.