Кошеков Рауан Шарполдаулы, 1982 жылыШҚО, Зайсан ауданы, Дайыр ауылында дүниеге келген. 1988-1999 жылдар аралығында Дайыр ауылындағы «Мүкарама атындағы орта мектепте» білім алды. 2000-2003 жылдар аралығында Шығыс қазақстан гуманитарлық колледжінде, 2005-2008 жылдар аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс қазақстан мемлекеттік университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып, бітіріп шықты.
Алғаш еңбек жолын 2005 жылы Зайсан ауданына қарасты «А.Орманбетов атындағы орта мектебінде» бастады. 2006 жылдан бастап «Жамбыл атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеп келеді. 2012-2013 жылдар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2013-2021 жылдар аралығында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеп келеді. 2022 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Жамбыл атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының м.а болып қызмет істеуде.
2008 жылы отбасын құрған. Жанұяда 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған әке.