Султанбеков Айткали Жаксыбекович -18 сәуір 1958 жылы ШҚО, Жарма ауданы, Жарма станциясында дүниеге келген. 1974 жылы Жарма кентіндегі Кеңес Одағының Батыры «П.И.Теряев атындағы №237 орта мектебінің» 8 сыныбын бітіріп, Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге түсіп, 1978 жылы бітіріп, Жіңішке сегіз жылдық мектебінде бастауыш 3-сынып мұғалімі болып қызмет атқарды. 1986 жылы Семей қаласындағы Н.Крупская атындағы институттың тарих, қоғамтану факультетін бітірді.1979-1980 жылы Кеңес Армиясында әскери міндетінаброймен атқарып сержант атағымен оралды. 1980-1982 жылдары Михайловка совхозының № 2 бөлімшесінде Көкпекті бастауыш сынып мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, меңгерушісі.
1982-1983 жылдары Скатавод совхозының Засимовка ауылында бастауыш сынып мұғалімі, меңгерушісі.1983-1986 жылдары Жарықтас ауылындағы «Весёлый пахарь» сегіз жылдық мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие ісінің меңгерушісі . 1986-1989 жылдары Жарма кентіндегі «П.И.Теряев атындағы №61 мектебінде»даярлық тобының тәрбиешісі, интернат тәрбиешісі, тарих,қоғамтану пәнінің мұғалімі. 1989-2002 жылдары Малай аулындағы М.Саяқов атындағы негізгі мектебінде директордың оқу-тәрбие ісінің жөніндегі орынбасары. 2002 жылдан Жарма кентіндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі «П.Теряев атындағы №17 орта мектебінің» директоры қызметін атқарып келеді.
«Есімдері ел есінде» кітабының авторы.