Мен, Абуталипова Гулнар Турсынкуловна, 1964 жылы Аягөз ауданы, Ақшатау ауылында дүниеге келдім. 1972-1982 жылдары А.Көшкінбаева атындағы орта мектепте оқып бітірдім.
1983-1988 жылдар аралығында Украинаның Нежин қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, орыс тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығын алдым, ал 2005-2007 жылдар аралығында Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы «Семей» университетіне түсіп, қазақ тілі және әдебиетінің бакалавры академиялық дәрежесін алдым.
1988-19991 жылдары ШҚО, Аягөз ауданы, Ақшатау ауылы, Ақшатау орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, 1991-1992 жылдары осы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1992-1997 жылдары Шынғожа ауылы, Хангельді бастауыш мектебінің меңгерушісі және мұғалімі, 1997-2000 жылдары- Аягөз қаласы, №1 орта мектепте бастауыш класс мұғалімі, 2000-2005 жылдары Аягөз қаласы, №6 орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, 2005 жылдан бүгінгі күнге дейін Аягөз қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін аралас мектеп» КММ-нің директорымын.
Жанұялымын.