1. Тегі, аты, әкесінің аты: Шумаков Бейбит Иргебаевич
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны Аягөз аудандық білім бөлімінің «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ директоры
3. Туған жылы және туған жері 06.10.1964 жыл, Аягөз қаласы
4. Ұлты қазақ
5. Білімі жоғары
6. Жалпы жұмыс өтілі 27 жыл
7. Саладағы жұмыс өтілі 27 жыл
8. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі 18 жыл
Шумаков Бейбит Иргебаевич қазақ мектеп-гимназиясында 1999-2000 оқу жылынан бастап басшылық қызметте.
1990 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институттың дене шынықтыру бөлімін аяқтаған. Біліктілігі жоғары санатты ұстаз.
Бейбит Иргебаевич «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасын игерді және сол білім негізінде өз ұжымындағы ұстаздардың біліктілігін жетілдіруге ықпал етуде. Жаңашыл ұстаздардың жарқын жаңалықтарына басшылық әрі қолдау жасай отырып, ұжымның аудан, облыс, республика көлемінде танымал болуына жағдай жасауда. Мектеп - гимназия облыстық «Жыл мектебі» байқауында жүлделі орынды иеленсе, республика бойынша лауреаттар қатарында.
Жетістіктері:
Оқу-тәрбие ісіне жасаған шебер басшылығының нәтижесі - оқушылардың ҰБТ-дағы жоғары көрсеткіші.
Аудандық көлемде аудандық білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылған іс – шаралардың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқаны үшін мадақтама. Алғыс хат. Халықаралық творчестволық бірлестігі «Бейбітшілік әлемі». Құрмет грамотасы. Республикалық Ұлттық Киокушинкай каратэ лигасы. Алғыс хат. Республикалық «Білім және ғылым» шығармашылық бірлестігі. Құрмет грамотасы. Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы. Жинақ – Алматы: Ғылым баспасы 2014 Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз.
Аягөз аудандық білім басқармасының, ШҚО білім мен ғылым қызметкерлерінің аймақтық кеңесінің, ШҚО аймақтық тұрмысы төмен азаматтарды қолдау қорының Құрмет грамоталарымен, аудандық «Қайрат» спорт қорының грамотасымен, ШҚО спорт және туризм басқармасының дипломымен марапатталды. Дене тәрбиесі мен спортты дамыту мен насихаттауда қосқан үлесі үшін Аягөз аудан әкімінің алғыс хатымен жыл сайын марапатталуы – еңбегінің әділ бағалануы. 2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша облыстық интеллектуалды конкурстарға оқушылардың белсенді қатысуын ұйымдастырғаны үшін грамота. Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы. 2015-2016 оқу жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында «Нұр Отан» партиясының сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғыс хатына ие болған.
2018-2019 оқу жылында «Ерен еңбегі үшін» орденімен наградталды.
Шәкірттеріне қадірлі, ата-анаға құрметті, ұжымына сыйлы, аудан, облысқа танымал басшы.