Өмірбаян
Сайлаубек Әділ Сайлаубекұлы, 1984 жылы 27 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.
1991-2001 ж.ж. Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебінде білім алып, 2001 ж. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп, 2005 ж. «Тарих және география» мамандығын үздік дипломмен аяқтаған. 2006-2008 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих» мамандығы бойынша магистратурасын үздік дипломмен аяқтаған. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Заңгер» мамандығын үздік дипломмен аяқтап, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандығы бойынша үздік дипломдармен бітірген.
2008-2010 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтінің «ізденушісі» болып тіркеліп, 2010 жылы «Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1991-2008 жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. 2011 жылы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болған.
«Тарих және қоғамтану ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігінің академигі және «Күміс медалінің» иегері, «Кәсіби тарихшылар және қоғамтанушылар лигасы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі. 2010-2011 ж.ж.Шығыс Қазақстан Аймақтық университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қызметін атқарған. 2012-2014 ж.ж. жоғарғы оқу орнына дейінгі бөлімнің басшысы және декан қызметтері, 2014 жылдары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың мұражай директоры және мұғалімдік қызметін атқарған.
Еңбек өтілі 2005 жылы Шығыс техникалық гуманитарлық колледжінен басталып, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып қызмет атқарған. «Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1991-2008 жж.)» тақырыбында монографиялық жұмысы жарық көріп, Халықаралық және Республикалық басылымдарда 50-ден астам ғылыми-зерттеу жұмыстары басылымға шыққан. Ассистент қызметінен Жоғарғы оқу орнына дейінгі бөлімнің басшысы және декан қызметін атқару кезінде тарих ғылымының дамуына (Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-демографиялық және экономикалық-саяси жағдайына, сонымен қатар, география саласына да ат салысып келемін) және оқу үрдісіне өзіндік үлесін қоып келеді қосып келеді. Қырғызстан Ұлттық Ғылым Академиясында және Туркия, Монғолия, Чехия, Ресей мемлекеттерінің баспа беттерінде еңбектері жарық көрген.
Қазақстан Республикасының және облыстық орталық сайлау комиссиясында 2010-2015 жылдар аралығында төрағалық етіп, сайлау үрдісіне өз үлесін қосқаны үшін (Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ. Тұрғанқұловтан және Облыс әкімінің, Өскемен қаласы әкімдерінен) алғыс хаттармен марапатталған. Қазіргі таңда Өскемен қаласы әкімдігінің Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің директоры.