Ауганбаева Гулфарида Базарбаевна Өскемен қаласы әкімдігінің
«№ 46 орта мектебінің» директоры
Ауганбаева Гулфарида Базарбаевна Шығыс Қазақстан облысы
Катон- Қарағай ауданының Өрел ауылында 1967 жылдың 18 қаңтарында дүниеге келген. 1985 жылы Өскемен қаласындағы педагогикалық институттың филология факультетін тәмәмдады. Бүгінгі таңда педагогикалық еңбек өтілі 35 жылды құрайды. Оның 12 жылы облыстың әр түрлі мектептерінде оқу ісі меңгерушісі, ал 3 жылын «№ 46 орта мектебінде» басшылық қызмет атқарумен келеді. Отбасында жолдасымен 2 қыз, 4 немере тәрбиелеп отыр.
Гулфарида Базарбаевна- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі. Кәсіби тұрғыдан өз ісінің маманы. Әр сабағын оқушылардың жан- жақты білім алуда жан- жақты білім қалыптастыруда бағытталған жоғары кәсіби деңгейде өткізеді. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап 2018 жылдың қаңтарына дейін Астана қаласында Республикалық мектеп басшыларына арналған «Директор- көшбасшы» атты жаңа білім беру мазмұнына бағытталған курсты оқып бітірді. Жұмыстың негізгі бағыты – бәсекеге қабілетті, өмірге бейім, білімін өмірлік тәжірибеде қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
Гулфарида Базарбаевна жыл сайын жүйелі түрде 11- сыныптарды ҰБТ- ға дайындап келеді. Соңғы 3 жылдағы сапа көрсеткіші 90 пайыздық есеп 100 пайызға көтерілгенін көреміз. Мектепте тек ашық сабақ берумен ғана шектеліп қалмай, халықаралық «Білімдегі инновация» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда «ҰБТ- ға дайындауға бағытталған жүйелі жұмыс түрлері» баяндамасымен қатысқан болатын. Бұл жоба республикалық «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті» журналына мақала болып жарияланды. 2017 жылы Педагогикалық шеберлік орталығының «Әлем өзгеруде- біз де өзгереміз» журналында «Біздің мақсатымыз- әр оқушыға сапалы білім беру» мақаласы жарық көрді.
2012-2017 жылдар аралығында облыс, қала деңгейінде математика, информатика және физика, тарих, дінтану негіздері, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдеріне арналған семинар, сонымен қатар, 2017 жылғы түлектерге арналған үштілділік форумын ұйымдастырды.
Жұмыс нәтижесіне орай 2013, 2014,2017 жылдардағы ҰБТ- ның жоғары көрсеткіші үшін қалалық білім бөлімі тарапынан, ШҚМУ мен ШҚМТУ ректорлары атынан алғыс хаттар, бағалы сыйлықтармен марапатталды. 2014 жылдың наурыз айында «Рудный Алтай» газетінде түлектердің ата-аналары Гулфарида Базарбаевнаға «Ұстаздық еткен жалықпас...» атты мақаласын жариялады.
Ауганбаева Гулфарида Базарбаевна бүгінгі таңда «№ 46 орта мектебінің» басшысы және № 95 сайлау комиссиясының төрағасы. Ұжымы барлық қала, облыс, республика, халықаралық іс- щараларға, сайыстарға белсене қатысып келеді. Ата- аналар мен ұжым арасында беделді. Білім ордасы бүгінгі таңда қала көлемінде үздік бес мектептің тізіміне еніп отыр.
Ауганбаева Гулфарида Базарбаевна- шығармашыл, бауырмал, жауапкершілігі өте зор маман. Әлі де жетер асуы алда екеніне сеніміміз зор.