Фамилиясы, аты, әкесінің аты: Исанова Райхан Джангазиновна
Қызметтік міндеті: Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің директоры
Исанова Райхан Джангазиновна біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санатты химия және биология пәндерінің маманы.
Мектеп директоры ретінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы негізгі құжаттарын және өзгерістерін басшылыққа ала отырып, жүзеге асуын толық қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жылма жылға Елбасының жолдауынан туындайтын міндеттерді ұжым мүшелеріне насихаттап, оның орындалуын қадағалап отырады.
Исанова Райхан Джангазиновна 1957 жылы 24 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Қалжыр ауылында көпбалалы мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Райхан Джангазиновна 1974 жылы мұғалім болу арманы, тұлымы жел-кілдеген жас қызды мектеп бітірісімен әкесінің ізін жалғап Өскемен қаласындағы педагогикалық институтының жаратылыстану факультетіне оқуға түседі. Оқуды тәмамдаған соң, өз туған жеріндегі білім алған мектебіне барып, ұстаздық еңбек жолына түседі. Алғашқы ұстаздық жалдарында-ақ өзінің асқан жауапкершілігімен, терең білімділігімен шәкірттерін баурап, тәжірибелі ұстаз атанады. Осы ізденіске толы жемісті жылдары қарапайым мұғалімдіктен жаңа тұрпатты мектеп басшысына дейінгі өнегелі кезеңнен өткен. 1988 жылы Глубокое кентіне келіп, ұстаздық қызметін жалғастырады. Ұстаздық еңбек жолында талмай еңбек ете отырып, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, 1999 жылы Өскемен қаласындағы №43 орта мектетің директоры қызметін атқарып, 2005 жылдан бастап қазіргі өзі басшылық жасап отырған Өскемен қаласындағы «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің директоры қызметін атқарып келеді. Жаңа тұрпатты білім ордасының іргелі де озық ұлттық білім ошағына айналып, жаңа мазмұнды оқыту жүйесіне көшуіне көп күш жұмсады. Елеулі еңбек қашанда ескерусіз қалмайды. Атқарылған еңбек өз нәтижесін көрсетіп, еңбегі еленді.
Райхан Джангазиновна көп жылғы еңбегінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелісіне ие болған жан. Сонымен қатар «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» және «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» мерекелік медаль иегері атанды. «Қазақстан Республикасының ғылыми дамытуға қосқа қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен «Алғысқа» ие болып, «Жыл директоры-2011» кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы атанады. Жоғары кәсібилігі мен білім беру жүйесіне қосқан үлесі үшін облыс жұртшылығының қошеметіне бөленіп, жыл сайын облыс, қала әкімдігінің марапаттарына ие болуды. Мектептің жыл сайынғы ҰБТ көрсеткіші мен «Алтын белгі» иегерлерінің саны артып келеді.
Райхан Джангазиновнаның бойынан сол бір жастық жігердің ұшқыны жылдар өтсе де әлі де сөнбегенін сөзбен емес, нақты істер арқылы көрсетуде. Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Оның қайсар мінезі, қазақи ақжарқындығы мен қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі боларлық.