Мен, Абенов Болат Балтанович, 1985 жылы 26 маусымда Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келдім. Қазіргі таңда Абай облысы, Семей қаласы, Приречное ауылында тұрамын. 1992 жылы 1 сыныпқа Семей қаласы № 39 орта мектебіне барып, 2003 жылы 11 сыныпты Приречный орта мектебінде аяқтадым.
2003 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтына тарих, құқық және экономика негіздері мамандығына түсіп, 2007 жылы аяқтадым.
Еңбек жолын 2008 жылы "Приречный ЖОББМ" КММ тарих пәні мұғалімі ретінде бастап, 2019 жылға дейін жұмыс атқардым. 2019 жылдан 2023 жылға дейін "Абыралы ЖНББМ" КММ мектеп директоры, 2023 ж қаңтар айынан, қыркүйек айына дейін "Жарқын ЖОББМ" КММ мектеп директоры, 2023 жылдың қыркүйек айынан «Приречное ЖОББМ» КММ мектеп директорының жұмысын атқарамын. Жалпы еңбек өтілімім 15 жыл.